Бұрынғы министрдің былығын қазіргі министрге аудару кімге керек?

Бұрынғы министрдің былығын қазіргі министрге аудару кімге керек?
Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға әлеуметтік желіде ақпараттық шабуыл жасаудан жалықпайтын санаулы бір кісілер бар. Сынау деген осы екен деп оңды-солды сөзбен сойыл соғатын сондайларға арнап, білім саласының маманы Қайрат Айтбаев сауатты пікірін білдіріп жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
 
Қайрат Айтбаевтың министрді жақтап пікір жазуына Гүльнар Мансұрқызының Оқу-ағарту министрі Ж.Д. Сүлейменованы сынаған посты болған. (Жазбаның скрин көшірмелері төменде)
 
Автордың пікірімен танысқан соң, білім саласында жүргендіктен пікірімді білдірдім деген Қайрат Айтбаев:"Ж.Д. Сүлейменова келгелі бері атқарылып жатқан оң істерді, Президенттің білім деңгейін көтеру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асырудағы жұмыстарды атап өттім", деп орысша жазбаға орыс тілінде өз пікірін білдіріпті. 
 
Қайрат Айтбаев өз пікірінде дәл осы Оқу ағарту министрін сынағандай, басқа министрлік басшыларының сын тезіне алмайтынын айтып, бұл ақпараттық шабуылдың артында әлдекімдердің тұрғанынан күдіктенеді. 
 
"Соңғы 35 жылда Оқу ағарту министрлігін 16 министр басқарыпты. Басқа сала басшылары ротацияға сай үш жылда бір ауысса, бұл министрліктің басшылары арасында тіпті толық төрт жыл министр болып отырғаны жоқ. 
 
Және ең бір қызығы, басқа сала министрі шығарған бұйрықтар Оқу ағарту министрлігі шығаратын бұйрықтар секілді талқыланып, қарсылыққа ұшырайтыны сирек.  
 
Министрді сынаған, кінәлаған Гүлнара Мансұрқызының жазбасында Сүлйменованың бұйрығы тек сыналып қана қоймай, тіпті ақыл кеңес те беріліпті. Ал шындығында министр болғалы бір жылға толмайтын уақытта Жұлдыз Сүлейменова әр ісінде Президенттің тапсырмасын орындауға күш салуды талап ету бағытында жұмыс істеп жатқанын көрсетіп келеді. Әр мәселеге асқан жауапкершілікпен қарайтын Оқу ағарту министрі білім сапасын көтеруге бар күшін салуда.
 
 
 
Соңғы 35 жылда 16 басшысы ауысқан білім саласы бүгін бұл жағдайға жеткен жоқ. Санаулы уақыт қана министр болғандар білім саласын қазіргі жағдайға жеткізді.
 
Ал қазір білім саласындағы бүкіл былыққа Жұлдыз Сүлейменованы кінәлап, бар күнә мен кінәні соған артқысы келетіндер бар. Министр Жұлдыз Сүлейменованы тұтас білім саласына кінәлі ету науқаны қашан тоқтайды? Жаңа Құрылтай сайлауынан кейін бұл науқан тоқтайтын шығар деп үміттенемін. Білім саласын айтып, атын шығарғысы келетіндер де бәлкім, сабасына түсер", деген Қайрат Айтбаев министр Жұлдыз Сүлейменоваға жұмысында сәттілік тіледі. 
 
Қайрат Айтбаевтың осы жазбасына қатысты "дұрыс айтылған пікір", "министрге мүмкіндік беру керек", "қазіргі министрді сынап жүргендер ескі министрдің шабармандары" дегенге саятын пікір жазуда. 
 
 
 
Барлық жаңалықтар