Танымал блогер Рысбала Икрамбай бірнеше күннен бері "Қыз Жібектің" камзолына қатысты Баян Алагөзоваға айтылып жатқан сыни пікірлерге қарсы шығып, продюсерді жақтап, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
Threads желісінде байбалам салып, Баян Алагөзовадағы "Қыз Жібектің" камзолына қатысты "қайтарсын" деп шулап жатқандарға: "Ой бэллааа іздегіш болса осы уақытқа дейін няғып іздеп тауып музейге қоймады екен.
Қайсың күнде музейге барып ойбай мынау біздің құндылықтар деп бағасын беріп жатырсыңдар конкретно?
Шулатып жатқан қатындар өзінің дамбалының қайда жатқанын білмейтін шығар үйінде. Мына өмірде бір қыз,бір ана,бір қатын бақытты өмір сүріп жүрсе соған қуанамын. Бізде біреудің жетістігі көпке ұйқы бермейді", деп жазды Рысбала Икрамбай.
