Дариға Бадықованың экс-күйеуі жұрт білмейтін сұмдықтарды айтты

Дариға Бадықованың экс-күйеуі жұрт білмейтін сұмдықтарды айтты

Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға арнайы сұхбат беріп, жұрт білмейтін бүкіл сырын ақтарды деп жазады Democrat.kz.

"Дариғамен Т.Жүргенов атындағы университетте танысып, отбасын құрдық. 

Бастапқыда бәрі дұрыс еді. Кейін мен Әуезов атындағы театрға жұмысқа тұрғаннан кейін Дариғаның тарапынан сұмдық қызғаныш пайда бола бастады. 

Неге екені белгісіз, "қайдасың, кіммен отырсың" дейтін сұрақтар жиіледі. Ақырында Дариға тыныш болсын деп театрдағы жұмыстан кеттім. 

Сол кезде Дариғаға бүкіл еркіндікті беріп, жұлдыз болуына тілеулес болдым.

 2023 жылы "Хотя бы кино" фильмі Тайландта түсірілген кезден кейін бір нәрсе өзгере бастағанын түсіндім.

Тайландтан келген соң "Олжас деген керемет екен, біз оған көмектесейік, оған көмектессек, армандаған ойымызға жетеміз. Сенің атыңнан ИП ашып, кино түсіреміз. Олжасты емдейік"деп қоймады.

"Жарайды" деп білмегенсіп жүре бердім. Бірақ бүкіл ақпаратты жинап жүрдім. 

"Таптым ау сені" фильмін түсіру басталғанда, Дариғаның Олжас туралы айтуы көбейіп кетті. Сол кезде бірінші рет "неге Олжас туралы айта бересің? Көңілің кетіп жүр ме?"деп сұрағанымда, "ойбай, жоқ" деп сендірді. 

Бір күні киноның түсіріліміне барсам, Олжас менен теріс айналып қашып жүр. Бәрін біліп жүрмін. "Сыртқы ғана емес, ішкі жұмысқа да араласайын" десем, Дариға менің келуімді еш қаламады. 

Бір күні Олжас тәртіп бұзып, оны үйге әкелдік. Сол кезде де Олжастан ақырын сұрадым. "Ой братан, жоқ ондай" деп сендірді. 

Фильмнің премьерасының алдында он күнге Умраға барып келдім. Сол кезде басталды бәрі. Мені фильмнің жұмысына араластырмайды. Дариға үйге аптасына бір,екі күн ғана келіп кетеді. Менен қашқақтап жүрді. 

Премьераға барған күні Олжастың да қашқақтағанын байқадым. Олар бір аптаға ел аралап кетеді. 

Миллиард теңге касса жинады фильм. Дариға сұмдық өзгерді. Сөзі де, өзі де өзгерді. "Таптым ау сені" 1 млрд 850 млн теңге жинайды. Дариға адам танымастай өзгеріп шыға келді. Сол күні хабарласып, "Дархан, мен барамын, отырып, сөйлесейік"деді. 

Келді. "Мен мамамдарды, бәрін асырап шаршадым. Мен өзім кетейінші. Шетелге кетейінші. Маған кедергі жасамаңдаршы" деді. "Неге осыған дейін бұл әңгіме айтылмады. Неге қазір бұны айтып отырсың? Әлде Олжаспен араңда бір нәрсе бар ма?"деп сұрадым. Байбалам салып, бой бермеді. 

Сол кезде де мойындамады. "Дархан, менің бауырларымды, анамды ұмытпашы. Саған аманат. Оларға көмектесіп тұршы. Ешкімге сұхбат бермеші, мені жамандамашы" деді.

"Дариға, бір ғана нәрсені кешірмеймін. Егер сен Олжас үшін кетіп бара жатсаң, сені кешірмеймін" дедім. Солай ол кетті" деген Дархан Мұсаев өзегін өртеген өкінішін жеткізді

 

Барлық жаңалықтар