"Дариға емес": Очоудың жас қызбен суреттері жарияланып кетті

"Дариға емес": Очоудың жас қызбен суреттері жарияланып кетті

Танымал актер Олжас Абайдың жас қызбен бірге түскен суреттері әлеуметтік желіге шығып кетіп, қызу талқыланып жатыр деп жазады Democrat.kz.

Threads әлеуметтік желісінде танымал актер Олжас Абайдың өзінен әлдеқайда жас қызбен бірге түскен суреттері тарады. 

Суретте Очоудың жас қызды аялай, еркелете жасаған әрекеттерін анық байқауға болады. 

Тараған суреттерге қатысты жұрт "Астанада тұрады, танымал отбасының қызы", "Дариға екеуінікі әншейін хайп қой", "бұл қыз өзінен кіші, ұлдары бар" деген пікір жазуда. 

Ал кейбіреулер фото мен видеолардың ЖИ көмегімен жасалғанын айтуда. 

Барлық жаңалықтар