"Дариғаның экс-күйеуіне шүйлікті": Олжас Абайдың жазбасы жұртқа жаға ұстатты

"Дариғаның экс-күйеуіне шүйлікті": Олжас Абайдың жазбасы жұртқа жаға ұстатты

Актриса Дариға Бадықовамен бас қосқан Олжас Абайға қатысты әлеуметтік желідегі сын әлі басылған жоқ. Алайда көпшіліктің айыптауына ұшыраған актер үнсіз қалмай, өзіне ауыр сөз айтқандарға ескерту жасап, жеке өмірі туралы пікір білдірді, деп жазады Democrat.kz.

Танымал актриса Дариға Бадықовамен үйленген актер Олжас Абай әлеуметтік желіде өзіне бағытталған сынға жауап берді.

Актердің Instagram парақшасында жарияланған жазбасында бұрынғы отбасына қатысты айыптаулар мен жеке өміріне араласқан адамдарға деген реніші байқалады.

«Бір семьяны неге бұзасың деген жандарға айтарым. Оу, ағайын! Өмірге реніші барлар, жаман сөз жазып, мені жерден алып жатқандарың орынды емес», – деп жазды актер.

Ол бұған дейін өзінің өнерін жоғары бағалаған адамдардың енді жеке өміріне байланысты көзқарасын өзгерткеніне таңданысын білдірген.

«Осы уақытқа дейін мен түскен киноларды көріп, молодес деп қошемет соғып, енді аяқ асты бір жақты ойланатын адамның "қызғанышына" сеніп, менің өнерге деген ессіз сүйіспеншілігімді, адамға деген шынайы қарым-қатынасымды жерге таптамаңдар», – дейді Олжас Абай.

Актер бұрынғы некесіне байланысты нақты түсініктеме бермеген. Алайда өзіне айтылып жатқан айыптауларға қатысты ұстанымын білдірген.

«Некедегі әйелге ажырамай жатып көз салатын мен не басында миы жоқ ессіз есалаң дейсіңдер ме? Аңдамай сөйлеген деген бар қазақта. Басымнан біреудің фантазиясын асырып отыра алмайды екем», – деп жазған ол.

Олжас Абай өзіне қатысты айтылған сөздер жауапсыз қалмайтынын да ескерткен.

«Әр нәрсенің соңы болады. Ешкім жауапсыз қалмайды. Ол адамның "жан жағын кінәләп берген" сұхбаты адам алдында да, ар мен заң алдында да жауабы болады», – дейді актер.

Жазбасының соңында Олжас Абай өзінің шығармашылық жетістіктерін атап өтіп, өнер жолын жалғастыратынын жеткізген.

«15 жылда 25-тен аса кинотуындыға түсіп, рекорд жасап, халықтың миллионның қошеметіне бөленіп, Дариғадай мінезді мықты актрисамен партнер болып жұмыс жасап жетістікке қол созған мен – деп сол жерден қателесіп қалмайтын шығармын. Басымды бала күннен тік көтеріп жүргем, ары қарай да жүре берем. Актер ұлдарыңыз Олжас Абай», – деп түйіндеген.

Threads желісінде Очоудың осы жазбасының скринін талқыға салған жұрт "ол адамның деп Дариғаның бұрынғы байы Дархан Мұсаевқа шүйлігіп отыр ма" деп таңғалысып жатыр. 

Барлық жаңалықтар