Кардиохирург Арыстан Бақдәулет әлеуметтік желідегі парақшасында ай сайын алатын жалақысын айтып, қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Арыстан Бақдәулет өзінің парақшасында: "Ойлашы, сен кардиохирургсың. 11 жыл оқыдың. Тағы 10 жыл ассистент болдың. Жасың 40 та. Жалақың 250-300 мың. Өлім бе?"деп жазды.
Дәрігердің бұл жазбасына қатысты жұрт:
"Осындай посттарды көрсем,түкке пайдасы жоқ айқай-өсек айтп хайп жасап ,бір стористарының құны 250к болатын тт-блогерлерді есіме түсіп қаным басым шабады. Қашан солар құсап медиктарда шалқып жүреді екен", "Нағыз сын екен. Кардиолог ретінде резидентура кезінде кардиохирургиялық операцияға қатысқанмын.
Сол сәттен бастап кардиохирургтарға деген құрметім шексіз. Жүректі тоқтатып, аяқтан тамыр алып, оны жүрекке жалғау — оңай шаруа емес.
Мұндай операция кем дегенде 4–5 сағатқа созылады. Қимылсыз тұрып, бар зейінмен дәлдікті талап ететін жұмысты атқару — нағыз төзім.
Мен тіпті жай бақылап тұрудың өзіне 4–5 сағат шыдай алмай, соңында сыртқа шығып кеттім", "дәрігердің айлығы ең азы екі миллион болуы керек", "елден сыртқа кету керек" деген пікірлер жазуда.
Дайындаған Ұлжан БАҚЫТҚЫЗЫ.