Дарын Мубаров: "Өзім өлердей қорыққан кісінің мәйітін жудым"

Дарын Мубаров: "Өзім өлердей қорыққан кісінің мәйітін жудым"

Танымал діндар Дарын Мубаров журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында басынан өткен қорқынышты бір оқиғасын айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Дарын Мубаров бала күнінде басынан өткен бір оқиғасы туралы айтып беріп: "Біздің бала кезімізде бәріміз қорқатын "бүкір" деген кісі болатын. 

Неге екенін білмейміз, бүкіл балалар содан қорқатынбыз. Көшеде ойнап жүргенімізде, сол кісі келе жатса, бәріміз шарбаққа жабысып, шетке қарай қашатынбыз. 

Ол кезде "бүкір" шамамен 20 жастағы жігіт болатын. Бір күні қасымыздан өтіп бара жатқан "бүкір" маған қарап, ыржиып күлді. Әлгі күлкісінің астарында "бүгін түнде дайын бол" деген қорқынышты ескерту бардай, сұмдық қорыққаным есімде. 

Жылдар өтті. Кеңес үкіметі құлады, дінге бет бұрдық. Имам болып жүргенімде, бір күні біреудің жаназасына шақырды. 

Имам болған соң, мәйітті жуу рәсіміне қатыстым. Бала күнімде қорыққан "бүкірдің" жаназасын мен шығарады екенмін. Тірі кезде сонша қорыққан кісімнің өлген кезде өте мейірімді екенін байқадым. 

Бәрінен де қорқыныштысы, ол асылып өлген екен",- деді. 

Барлық жаңалықтар