Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әйелі қойған ең ыңғайсыз сұрақтарға жауап беріп, жұрттың алғысына бөленді деп жазады Democrat.kz.
Депутаттың әйелі Адель Әділова күйеуінен "Мәжіліс асханасының тамақтары тәттірек пе?" Деп сұрады.
"Мәжілістің тамақтары тәттірек. Бірақ үйдегі тамақ та дәмді"дейді депутат.
-Парламентте сөз сөйлеген оңай ма, әлде бес жасар балаңа сорпа ішкізу оңай ма?
-Иә, балаға сорпа ішкізу қиынырақ.
-Мендегі саған ұнамайтын қасиет қандай?
-Темперамент.
-Екеуіміздің қайсысымыз татуласуға бірінші қадам жасайды?
-Мен
-Менің қандай қасиетім сенің жұмыс істеуіңе ықпал,көмек етеді?
-Сен бәріне салқын қарайсың. Ал мен кейде бәрінің көңілінен шықсам дейтінім бар.
-Ұлдарымыз болашақта депутат болғанын қалайсың ба?
-Әзірге, жоқ.
-Отбасы бюджетін кім басқаруы керек?
-Әйел адам.
-Бір костюміңнің бағасы қанша?
-Үш жүз мың теңге.
-Бәріне үлгеріп, жақсы, үлгілі әке болып қалуыңның сыры неде?
-Мен өз жұмысымды, отбасымды жақсы көремін.
-Жиырма жыл бұрынғы арманың қандай еді?
-Жиырма жыл бұрын депутат болуды немесе Жоғарғы сот төрағасы болуды армандадым.
Депутат пен әйелінің арасында өткен осындай қысқа сұхбатты көрген жұртшылық Бақытжан Базарбековтің ең әділ, адал депуат екенін айтып, алғыстарын жаудыруда.