Парламент мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов Мөлдір Мұқанованың ел арасында шу тудырған сұхбатын көрген-көрмегенін айтты, деп жазды Democrat.kz.
«Ол жеке бастың әңгімесі» деген экс-министр: «...Маған біздің қоғамның мұндай дүниеге әуес болғаны ұнамайды. Біз алға жылжуымыз керек. Жасанды интеллект бар, ғылым дамуда, қаржылық құралдар да жеткілікті. Өзімізді алға жылжыту мақсатында одан да осындай пайдалы дүниелерге көңіл бөлейік» – дейді.