Дикий Арманның анасы дүниеден озды

Дикий Арманның анасы дүниеден озды

8 тамыз күні 2022 жылғы қаңтар оқиғаларында Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін сотталған Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арман) анасы дүниеден өтті, деп хабарлайды Democrat.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"Құрметті досымыз Арманның асыл анасы, Роза апай өмірден өтті. Жаратқан иеміз оның жанын жәннаттың ең жоғары дәрежесі – Фирдаус жәннатына орналастырғай.  Роза апайымыз – иманды, парасатты, сабырлы, текті, ақылгөй жан еді. Тағдырдың ауыр сынақтарын бастан өткерді. Жалғыз ұлына ұзақ жыл жаза беріліп, баласының басына бұлт үйірілген қиын кезеңдер болды. Бірақ ана жүрегі соның бәріне төзіп, баласынан ешқашан теріс айналған жоқ", – деп жазды ол.

Нұржан Иманалиевтің айтуынша, Арман Жұмагелдиевтің анасы қайтыс болар алдында Қостанайдағы ұлын барып көрген. Осы кездесуден кейін жүрегі сыр беріп, ауруханаға түсіп, сонда жан тапсырған.

Барлық жаңалықтар