Діншіл кісілерге ескерту хабарлама келіп жатыр екен

Діншіл кісілерге ескерту хабарлама келіп жатыр екен

Әлеуметтік желіде дінге қатысы бар кісілер өздеріне ескерту хабарламалары келіп жатқанын айтуда деп жазады Democrat.kz.

Threads әлеуметтік желісінде хиджабты қыз өзіне телефон арқылы ескерту хабарламасы келгенін айтып, діндестеріне сұрау салды. 

"Сендерге де осылай ескертулер келіп жатыр ма?" Деп сұраған діндар қыз хабарламаның скрин көшірмесін жариялады. 

Осы жазбаға қатысты дінге қатысы барлар "бізге де келіп жатыр", "менің дінмен байланысым барын қайдан біледі?", "қажет болса, кімнің кім екенін біледі екен ғой"дегенге саятын пікірлер жазуда. 

Барлық жаңалықтар