Еліміздің Оқу ағарту министрінің бірінші вице-министрі болған Шынар Ақпарованың қызметтегі "жетістігі" туралы әлеуметтік желіде пікірталас тоқтамай тұр. Ш.Ақпарованың биографиясындағы кей деректер жұрттың назарын аударып, бас шайқатуда деп жазады Democrat.kz.
Еске салып өтейік, Шынар Ақпарова екі күн бұрын Оқу ағарту министрінің бірінші вице-министрі болып тағайындалған болатын.
Бірінші вице-министрлікке отырған Шынар Ақпарованың алғашқы тараған биографиясында 2006 жыл - Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша білім алғаны, ал 2001-2009 жылдары №135 Атасу негізгі мектебінде орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі қызметін атқарғаны жазылған еді.
Кейінірек жұрттың шуынан сескенді ме, әлде басқалай себептер болды ма, бірінші вице-министрдің биографисындағы 2006 жылғы "алған білімі" туралы бөлік өшірілді.
Десек те, әлеуметтік желіде тараған алғашқы биография нұсқасы Шынар Ақпарованың келесі лауазымдық секірісіне болжам жасауға жақсы себеп болған еді.
Ә дегеннен биографиядағы сәйкеспейтін деректерге үңілген желі қолданушылар " Мынау бізде елде ғылыми дәрежесі бар педагогтар мүлде құрып кеткен бе? Төменнен — ауданнан, облыстан, елордадан, академиядан, мемлекеттік қызмет пен білім басқармасынан, аудандық білім бөлімінен (аудандық білім бөлімі — райОНО) өтіп, ысылған тәжірибелі мамандар қайдасыңдар? Ау-у, қайда жүрсіңдер?! Не деген масқара!



