"Екі мүшел кіші": Тұңғышбай Жаманқұлов жұрт білмейтін құпиясын ашты

"Екі мүшел кіші": Тұңғышбай Жаманқұлов жұрт білмейтін құпиясын ашты

Белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов жұбайы Дәрия Әбдімәлікқызы Жүсіппен қалай танысып, шаңырақ көтергені туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Өнер иесі 2020 жылы "Қарақатпен шай" бағдарламасында қазіргі жарының өзінің шәкірті болғанын жасырмаған еді. Актердің сөзінше, Дәрияға деген сезімі бірте-бірте тереңдеп, кейін үлкен махаббатқа ұласқан.

"Мен өзімнің шәкіртім Дәрияға үйлендім ғой. Есімнен тандырды, ғашық болдым, үйлендім. Жасы біраз жас. Арамыз екі мүшел. Екі ұл бір қызымыз бар, құдайға шүкір, қасымда. Әлі де басымда болмайды деп гарантия бере алмаймын", – деді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Актер жұбайына деген сезімін ерекше ықыласпен жеткізіп, отбасылық өміріне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар ол адам жүрегіне әмір жүрмейтінін айтып, өмірде түрлі жағдай болуы мүмкін екенін де әзілмен жеткізді.

Айта кетейік, Тұңғышбай Жаманқұлов театр актрисасы әрі педагог Дәрия Әбдімәлікқызы Жүсіппен отбасын құрған. Қазір ерлі-зайыпты екі ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр.

Барлық жаңалықтар