Премьер-министр Олжас Бектенов көлік саласын дамыту үшін цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізудің маңыздылығын атап өтті деп жазады Democrat.kz.
«Әлемнің көптеген елдері, соның ішінде Қытай, Жапония, Еуропалық Одақ көлік саласында цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Олар пойыздардың қозғалыс кестесін оңтайландыруға, бос тұрып қалу уақытын қысқартуға, өткізу қабілетін және желіні күтіп-ұстау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Көлік министрлігі “Қазақстан темір жолы” компаниясымен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін бүкіл көлік-логистикалық тізбекті нақты уақыт режимінде басқаруды жеңілдететін “деректер көлін” құру шараларын қабылдауы қажет.
Жалпы, министрліктің алдында теміржол көлігіндегі қызмет көрсету сапасын жақсарту, транзиттік және экспорттық жүк тасымалдарын арттыру міндеттері тұр. Саланы дамыту бойынша тиісті шешімдер тұтастай алғанда, Қазақстан экономикасының дамуын қамтамасыз ету үшін проактивті форматта қабылдануы қажет»,
— деп атап өтті Премьер-министр.