"Ең бейшара ұстаз": Мұғалімді санаттарға бөліп, алалаудан не ұтамыз?

"Ең бейшара ұстаз": Мұғалімді санаттарға бөліп, алалаудан не ұтамыз?
Белсенді педагог Тілекқабыл Нұрышовтың мұғалімдерге берілетін марапаттар мен санаттарға қатысты мәселесі қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
 
"Жұлдыз Сүлейменова ханыммен, кездесуде айтуға мүмкіндік болмады...
Педагог -шеберлердің төстерінде Алтынсарин белгісі т.б. марапаттары жеткілікті. Лайым солай болсын. Қызғанбаймын. Тіпті "Ерен еңбегі", "Парасат", "Құрмет" т.б. мемлекеттік марапаттар алсын.
 
Педагогтер марапатталса тек қуанамын. Алайда, келіспейтін бір жәйт сол педагог-шеберлер не істеп жатыр? Алған марапаттарын өтеді ме, өтей ме?
 
Мәселен, информатика пәнінен педагог - шебер мен педагог-модератор бір сыныпты бөліп алады дейік. Екеуіне қойылатын талап бірдей! Сабақ мақсатына жету. Сабаққа қойылатын талапта бірдей. Екеуі де сабақ мақсатына жетті дейік.
 
Енді сол сабаққа неліктен екеуі екі түрлі жалақы алады? Айдың соңында еңбекақы алған кезде педагог-шебер 400 000 (төрт жүз мың) ал педагог-модератор 200 000 (екі жүз мыңға жетсе) шамамен алады дейік.
 
Сонда қандай критерий бойынша жалақы төленді. Екеуі де сабақ мақсатына жетті ғой. Мүмкін, педагог -модератордың сабағы қызықты өткен шығар... себебі, көпшілік жағдайда бұл әріптестер жас мамандар, оларды оқушылар "жылы" қабылдайды.
 
Қорытынды: ешқандай нақты талабы жоқ, еңбекақы төлеу педагог мәртебесін көтеру ме?
 
Сіздер, қалай ойлайсыздар әріптестер. Ешкімнің жеке басына өтпей, нақты сұраққа пікір білдірулеріңізді сұраймын. Әрине, педагог-зерттеушілерді де қосуға болады.
 
Өзім -зерттеушімін. Бірақ, біздерде ешқандай марапат жоқ. Бізде педагог-модераторлардан көп жалақы алатынымыз рас. Жалпы, біліктілік санаттарына қарап, еңбекақы төлеу қаншалықты шындыққа жанасады?"деп жазды Тілекқабыл Нұрышов. 
 
Белсенді педагогтың бұл жазбасына қатысты төмендегідей пікірлер жазылуда: 
 
"Осы категориялардың ішінде ең бейшарасы зерттеушілер. Шебер екеуі де жоғары санат деп айтылады. Алып жатқан марапаты да жоқ. 
 
Бірақ онан 10 процент аз алады.Тестен бес балл ғана кем алу керек. Ал сарапшыдан бар жоғы бес процент көп алады. Тест тапсырғанда сарапшыдан бес балл көп алу керек. Тәжірибесін үш ауданға тарату керек.
 
Авторлық жазу керек деп бір шошытты. Ең тынышы сарапшы. Ештеңе жазбайсың.Ештеңе таратпайсың. Зертеушіден бар жоғы бес процент қана аз аласың. Кезінде осы категорияларды бағалағанда біреулер қате ұсыныс айтқан сияқты. Кім екен сол? Зерттеушіге 45 процент болу керек. Жинайтын балл да сарапшымен салыстырғанда өте көп".
 
"Жалпы өзекті сұрақ,ең бейшарасы зерттеушілер екені де рас.Әркім сол санатты маңдай терімен алады.Авторлық бағдарлама жазып,оқушы дайындап алдыңда отырған 25-30 баламен жеке-жеке жұмыс жасап,ақшасы төленбейтін ауызша сабақтар үшін бжб,тжб тексеріп айта берсең көп енді.Бір кем дүние...деген осы ма деп қаласың".
 
"Менің қатарымдағы кезіндегі стажы көп жоғарғы санатты ұстаздарды әр нәрсені сылтауратып тест, сапа, бейнеролик, портфолио тб модераторға түсіріп тастады
Жалақы бірдей төлеу керек, себебі қаншама реформаны бастан кешірді, барлық өзгерістер бойынша жұмыс жасады. Қәзір үшінші түлегімен бірге модератор болып отыр
 
Мұғалім мәртебесі атына сай болу керек
Қаншама алтын түлектердің шығарып салды
ЫБЫРАЙ ТӨСБЕЛГІСІН АЛҒАН ҰСТАЗДАР БАСҚА МЕДАЛЬ КЕРЕК ДЕП НЕМЕНЕГЕ ДӘМЕЛЕНЕДІ .ЫБЫРАЙ төсбелгісін алу керемет мәртебе ғой"
 
"Бәрі түсінікті-ау. Бір нәрсені түсінбей өтетін сияқтымын…жоғары санатты шебер мен жоғары санатты зерттеуші арасында айырмашылық қандай?"
 
"Ең бейшарасы модераторлар"
Барлық жаңалықтар