"Енді пәлсінген қыздар байсыз қалады" деген тиктокер ескерту жасады

"Енді пәлсінген қыздар байсыз қалады" деген тиктокер ескерту жасады

Тиктокер жаңадан қабылданған заңға байланысты өз пайымын білдіріп, ескерту жасады деп жазады Democrat.kz.

"Сталкинг заңы енді өз күшіне енді. Мұны қарапайым тілмен түсіндірсек, енді жігіт қызға сезімін білдіріп, гүл сыйлап, кездесуге шақырса, бірақ қыз ол кездесуге бармайтынын айтса, сосын жігіт еркектікке басып, яғни "жүрегін жаулау" әдісімен тағы да хабарласып, ұсыныс жасаса, заң алдында жауап береді. 

Мұның келесі бір келеңсіз жағы, енді жігіттер баяғыдай қызды өзіне қаратам деп айлап, жылдап оның ізінде жүрмейді. Бір рет ұсыныс жасайды, бітті. 

Егер жігіттің ұсынысын қабылдамаса, қыз өзінен көрсін" деген тиктокер "пәлсінген қыздар байсыз қалады, енді еркек емес, қыздар еркекті алатын болады" деді. 

Барлық жаңалықтар