Танымал психолог, мотиватор Мақпал Қаратай кейбір әйелдерге қатаң ескерту жасады деп жазады Democrat.kz.
"Күйеуінің әрбір басқан ізін аңдып, үнемі бақылауда ұстайтын, "қайда жүрсің?", "видеомен сөйлесейік" дей беретін әйелдер күндердің күнінде күйеуінен айырылады.
Себебі үнемі осылай бақылауда ұстап, мазасын жиі алатын әйелден еркек тыныш, жайлы әйелге қашып кетеді.
Сондықтан осылай күйеуін бақылауда ұстайтын әйел өз күйеуін басқа әйелдің құшағына итермелеп отырғанын білсін.
Күйеуіңді бақылауда ұстап, қыса берсең, сенен қашып кетеді. Сол себепті "бұл менікі" деп өзіңе сенімді бол да, "контроль жасауды" тоқтат" дейді Мақпал Қаратай.