"Еркекті жылатқан Бадықоваға бойкот!": Дархан Мұсаевтың сұхбаты жұртты жылатты

"Еркекті жылатқан Бадықоваға бойкот!": Дархан Мұсаевтың сұхбаты жұртты жылатты

Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев өзі де жылады, көрерменді де жылатты деп жазады Democrat.kz.

"Дариғамен бірге тұрған 18 жылда әкем үйімізге 2-3 рет қана келіп, қоныпты. Бауырларым, достарым Дариғаның қабағынан сескеніп, мүлде келмейтін.

Осынша жыл бойы күшік күйеу болып келгеніме өкінемін. Мен сияқты күшік күйеу болмаңдаршы, жігіттер. 

"Әке, мені кешірші! Саған көңіл бөлмегенім үшін. Бір қатынның артынан кетіп қалғаныма. Мен Алланың сүйікті құлы екенмін.

Әкем мен бауырларыммен қайта бірге болуды умрада тілеп едім. Тілегім қабыл болды. Егер Дариғамен бірге қалғанымда, мен сендерден алыста болар едім.

Бауырларым, анамның орнына ана болған Мәншүк әпкем, кешірші мені!" деп Дархан Мұсаев көзіне жас алды.

Сұхбатты толық қарап шыққан көрермендер Дархан Мұсаевқа қарап, әйелінің сөзінен шықпай, әбден езілген еркекті, өзегіне өкініш толған азаматты анық көрсе керек, видеоның астына "сұхбатты көріп, бір жылап алдым. Бадықованы жек көріп кеттім", "көрініп тұр ғой, Дарханның адал, таза жігіт екені", "Дариға ақшаға құныққан" дегенге саятын пікір азған жұрт "Бадықоваға бойкот!" десіп жатыр. 

Барлық жаңалықтар