Эротикалық видеосы тараған тамада ісіне қатысты тағы бір дерек шықты

Эротикалық видеосы тараған тамада ісіне қатысты тағы бір дерек шықты

Әлеуметтік желіде "Хан" лақап атымен танымал асаба мен оның жұбайына қатысты жеке видеолардың таралуына байланысты жаңа мәлімдеме пайда болды деп жазады Democrat.kz.

Аталған іске күдікті ретінде  ілінген 16 жастағы мобилографтың анасы алғаш рет көпшілік алдына шығып, баласының кінәсіз екенін айтты. Оның сөзінше, жасөспірімге тағылған айып негізсіз.

"16 жастағы балам бұл видеоларды таратқан жоқ. Оның тағдыры не болады?" – деп алаңдаушылық білдірді ол.

Анасының айтуынша, ұлы жұмыс барысында жұмыс берушінің телефонынан жабық бейнематериалдарды ұрлауы мүмкін емес. Сонымен қатар ол баласының еңбекақысы толық төленбегенін де атап өтті.

"Балама көмек керек. Болашағы не болатынын білмеймін. Қайда барып, кімнен көмек сұрарымды білмей отырмын", – деді ол.

Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Қоғам белсенділері мен қолданушылар істің әділ қаралып, кәмелетке толмаған жасөспірімнің құқықтары толық қорғалуы тиіс екенін айтуда.

Барлық жаңалықтар