"Ешқашан өзгермейді" деген Назарбаев мәлімдеме жасады

"Ешқашан өзгермейді" деген Назарбаев мәлімдеме жасады

Елімізде өткен маңызды күнде, яғни жаңа Конституцияны қабылдауға арналған референдумда бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев өз таңдауын жасап, референдумға қатысты пікір білдірді деп жазады Democrat.kz.

Тұңғыш президенттің референдумда айтқан мәлімдемесі оның ресми сайтында жарияланды.

Назарбаев өз сөзінде буын алмасуының заңды процесс екенін және әр ұрпақтың мемлекет алдындағы өз міндеті барын атап өтті:

«Біздің буын тәуелсіздікті жариялап, шекараны шегендеп, елорданы тұрғызу арқылы өз миссиясын орындады. Ендігі мақсат Қазақстанның беделін арттырып, мемлекеттілікті нығайту. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар, соның ішінде бүгінгі референдум аса маңызды қадам».

Сонымен қатар, ол қазіргі мемлекет басшысына қатысты ұстанымын тағы бір мәрте нақтылады:

«Өз уақытында мен Қасым-Жомарт Тоқаевқа таңдау жасадым және бұл таңдауым ешқашан өзгермейді»,-деді ол.

Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев жаңарған Ата заңның ел игілігі мен халықтың берекесіне қызмет ететініне сенім білдірді.

Барлық жаңалықтар