"Есуас шегіртке": Қоғам белсендісі Қайрат Әділгерейді сотқа беру керек деді

"Есуас шегіртке": Қоғам белсендісі Қайрат Әділгерейді сотқа беру керек деді

Қоғам белсендісі, бизнес коуч Ахметбек Нұрсила танымал әзілкеш Қайрат Әділгерейді сотқа беру керек деген бастама көтерді деп жазады Democrat.kz. 

Ахметбек Нұрсиланың әзілкешті сотқа беру туралы айтуына Қайрат Әділгерейдің кезекті бір сұхбатта айтқан сөздері себеп болған. 

Сұхбатта Қайрат Әділгерей: "Құрманғазы туралы кино түсіретін болсақ, біз оны күйші деп қана білеміз. Ал шындығында, оның шырақшысынан барып сұрасаң, ол "разбойник" болған. 

Құрманғазы кәдімгідей "по черному" жүрген. Исатай деген досы болған. Екеуі "гопстошник" болып, байлардан тартып алып, кедейлерге берген. 

Ал күй тарту оның хоббиі болған", дейді.

Әзілкештің осы сөздеріне қатысты Ахметбек Нұрсила: "Мына есуасты тыңдаңыздаршы. Осындай кем ақылдарға не айтуға болады? Бұл жердегі қасірет бұның әлеуметтік желіге шығып айтып отырғаны емес, бұның миллиондаған тіркелушісі бар, бұларды сахнаға шығарады, тойларды басқарады. Ең үлкен қасірет осында", деп, әзілкеш Қайрат Әділгерейді жоғарыда айтқан сөздері үшін сотқа беру керегін айтты. 

Ахметбек Нұрсиланың бұл ұсынысын мыңдаған кісі қолдап, көпшілік болып Қайрат Әділгерейді сотқа беруді қолдап отыр. 

Дайындаған Хақназар САДЫРХАН. 

Барлық жаңалықтар