Кезінде елге кеңінен танымал болған журналист Ғалым Боқаш туралы жұрт білмейтін сұмдық деректер жарыққа шықты деп жазады Democrat.kz.
"Ғалым Боқаш – Алакөлдің арғы бетіндегі Қарабұлақ ауылының тумасы. Оның мектепте не бүлдіргенін, қылмыстық жауапкершіліктен қалай сытылып кеткенін әзірге айтпаймын.
Ол ҚазМҰУ-дің шығыстану факультетінде оқыған, урду, хинди, парсы, орыс, қазақ және ағылшын тілін жетік меңгерген.
Совет одағы құлаған тұста КГБ-да кадр тапшылығы күшейді. Сондықтан ішкі қауіпсіздік және сыртқы барлау органдары шығыстанушыларды жаппай түрлі жұмысқа тартты.
Ғалым Боқаштың, Едіге Мағауиннің шығыстану факультетінде оқыған жылдары осы өтпелі кезеңге дөп келеді. Бұл тезистің дұрыстығын сол жылдардағы діни экстремизммен, атап айтқанда уаһһабизммен белсене күрескен Ресей мен Қазақстанның бірегей тактикасында байқалды.
Ресей солтүстік Кавказда уаһһабистерді ысыру үшін Ахмад Қадыров сияқты сопылық тариқаттың (кадария) авторитеттерін билікке тартты. Бұл тактика нәтижелі болды. Қазір Шешенстанды тырп еткізбей уысында ұстап отырған Рамзан Ахмадұлы Қадыров импершіл Путиннің сенімді серігіне айналды, ол өзін «Путиннің жаяу әскерімін» деп диктатордың ыңғайына жығылып жүр.
Тура осы тұста Қазақстанның да батысы мен оңтүстігінде уаһһабизм идеологиясының қаупі төнді. Мүфтият бұған қарсы тұруға дәрменсіз еді.
Сондықтан қауіпсіздік қызметі мүфтияттың және дәстүрлі нақышпандия сопылық тарихаты молдаларының құбыласын Меккеден басқа жаққа бұрмайтынын, яғни араб діни-саяси идеологиясынан ешқашан ажырамайтынын түсінді.
Геосаясаттың күн тәртібінде КГБ-ның айтқанымен жүретін жаңа сопылық тариқат құру тұрды. Сондықтан олар Ғалым Боқашты жұмсап, Ауғанстаннан қашып, Пәкістанның Пешеварында жарық пен жылуы жоқ үйді паналап жатқан Сматулла Әбдіғаппарды алдырды.
Кез келген адамды үйіріп алатын қасиетке ие Ғ.Боқаш Шәкәрім шығармаларын бұрмалап, Ахмет Яссауидің есімін жамылған, былайғы жұрт «зікіршілер» деп атаған су жаңа сопылық тариқатқа Сматулланың атынан «Құран сырларының әліппесі», «Жария зікірдің дәлелі» секілді бірнеше діни-әдістемелік кітап дайындауға мұрындық ғана болған жоқ, ол Мұхтар Мағауин, Дидахмет Әшімхан, Мекемтас Мырзахметов, Светқали Нұржанов, Зікірия Жандарбек, Саят Ыбыраев ... сияқты жазушы-ғалымдарды, Санжар Керімбай, Батырболат Айболатұлы, Рахат Мамырбек, Қасым Аманжол, Сәуле Әбединова, Базарбек Атығай секілді талантты жас журналистерді Сматулла пірге мүрид қылып жіберді.
Негізгі жоспардың бір бағыты осы ма, әлде Сматулла пір мен екінші тақсыр Нарымбай қажының саясаттан иісалмас оспадарлығы ма, ол жағы түсініксіз, «зікіршілер» уаһһабизммен емес, нақышпандылар жайлап алған мүфтиятпен күресіп кетті.
Сондықтан, мүфтият полицияны Сматуллаға қарсы айдап салды, оны Алматыдағы Қарасу мешітінде құрықтады, мешітте сапырылысып жүрген мүридтерді таратты, өзін сол мешітке қамап, сыртынан күзет қойған.
Ертесіне оны соттап, Ауғанстанға депорт жасамақ (Сматулла ол кезде Ауғанстанның азаматы тұғын) болды. Дегенмен, Сматулла қасындағы көмекшісі екеуі түн ішінде ізім-ғайып жоқ болды. Бұл оқиға полиция мен ҰҚК генералдарының арасында кикілжің туғызған, ҰҚК «біз шекараны дер кезінде жаптық, Сматулла шекарадан өткен жоқ...» деп.
Сөйтсе, Сматулланы мен оның көмекшісін сыртқы барлау қызметі Ауғанстанға асырып жіберіпті (ол кезде сыртқы барлау ҚР ҰҚК-не бағынбайтын дербес құрылым). Кейін белгілі болғандай, Сматулланы Қазақстан сотынан және депортациядан құтқарушылар Тәжікстандағы Ресейдің 201-дивизиясының плацдармы мен мүмкіндігін пайдаланыпты...
Әрине, Ғ.Боқаш бас-көз болған «Пір» операциясы осымен тәмәм болған жоқ. Екі жылдан кейін Сматулла тақсыр Қазақстанға қайта оралды. Ол 2000-жылдардың басында ҚР азаматтығын алды. Бұл кезде Ғ.Боқаш та күшейіп, «Қазақстан» ұлттық арнасын «тіреп» тұрған.
Соның көмегімен Сматулла пірге «Қарасу» мешітінде «қол берген» мүридтердің түгелге жуығы «Қазақстан» теле-радиосына орнықты. Журналистикаға бейімі жоқ мүридтер «Сенім.Өмір.Білім» атты қоғамдық ұйым құрып, Қорғаныс министрлігі сияқты күштік құрылымдардың әскери бөлімшелерінде, университеттер мен мектептерде уағыз айтуды күшейтті.
Ғ.Боқаш ықпалы болса керек, Сматулланы жан-тәнімен қолдайтын Нұрбақ Рүстемов (кейін Иранда елші болды) сияқты депутаттар, Иманғали Тасмағамбетов (қазір ОДКБ басшысы) сияқты әкімдер мен министрлер көбейді (Н.Рүстемов Сматуллаға джип сыйлады, әкім пірді қабылдады).
Сол кездегі сараптамада «Қазақстан» ұлттық арнасы мен оның аймақтық филиалдарында «зікіршілікті» қолдайтын қызметкерлердің үлесі 60 пайыздан асқаны жазылды. Мұны қауіп көрген билік «Қазақстан» ұлттық теле-радио арнасының ресми басшысы Ғалым Доскенді қызметінен алды, ол «далада» қалды ...
Ал оны иектеп алған, теле-радиоға Сматулланың мүридтерін толтырған Ғалым Боқаштың «мұрты қисайған» жоқ – ол сол кездегі Алматы қаласы әкімі И.Тасмағамбетовтің орынбасары қызметіне «секіріп» кетті...
(
Жалғасы бар. Ғ.Боқаштың АҚШ қаржыландыратын «Азаттыққа» сыналап кіруі мен мұндағы Едіге Мағауиннің рөлі жазылады. Қазір америкадағы дереккөзім Е.Мағауиннің АҚШ-тың қандай органына кіріп алғаны жөніндегі мәліметті іздеп жатыр. Құрметті оқырман, дереккөзім үшін лайк басып, комментке + қойыңыздар)"деп
жазды Ораз Әлімбеков.