Абай облысында порно видео түсірген ерлі-зайыптылар ұсталды (ВИДЕО)

Абай облысында порно видео түсірген ерлі-зайыптылар ұсталды (ВИДЕО)

Абай облысында порностудияларды ұйымдастырған ерлі-зайыптылар ұсталды, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты облыстық желілік басылым @abainewskz.ке сілтеме жасап. 

ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс 2026 жылғы сәуір айында министрлік тарапынан бүкіл ел аумағында «STOP трафик» атты ауқымды операция жүргізілгенін мәлімдеді.

Оның қорытындысы бойынша адам саудасына қатысты 41 қылмыс тіркелген, олардың 9-ы кәмелетке толмағандарға қатысты.

Атап айтқанда, Абай облысында Қазақстанның бірнеше қаласында вебкам-бизнеске арналған порностудиялар желісін ұйымдастырған ерлі-зайыптылар ұсталған.

Анықталғандай, олар модельдік сырт келбеті бар қыздарды өздері іріктеп алып, түсірілімге арналған бөлмелерді жабдықтап, кейін жүйелі түрде табыс тауып отырған.

«Сонымен қатар, Астана, Алматы қалаларында және бірқатар өңірлерде жастарды заңсыз әрекеттерге тарту фактілері бойынша 20 қылмыстық іс, АИТВ (ВИЧ) инфекциясын қасақана жұқтыру деректері бойынша 15 іс және порнографиялық материалдарды таратуға қатысты 5 іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда», — деп толықтырды Қуандық Алпыс.

Барлық жаңалықтар