Энергетика министрлігі 2027 жылы мұнай экспортын 79 миллион тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл биылғы болжаммен салыстырғанда шамамен 4 пайызға көп, деп жазады Democrat.kz.
Министрлік келесі жылы мұнай өндіру көлемін 99 миллион тонна деңгейінде болжайды. Алайда бұл есепке кен орындарындағы жөндеу жұмыстарының ықтимал әсері толық енгізілмеген.
Мұнай өндірісі мен экспортына кен орындарының жұмысы, тасымалдау бағыттарының тұрақтылығы және әлемдік нарықтағы жағдай ықпал етеді.