Болгарияның Ямбол аймағындағы тасжолда қалың тұманнан бірнеше ірі жол апаты болып, кемінде 12 адам қаза тапты, 46 адам жарақат алды. Апатқа шамамен 86 көлік қатысқан, деп жазады Democrat.kz.
Оқиға София мен Бургас қалаларын байланыстыратын тасжолда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, көріну қашықтығының күрт төмендеуі мен жолдың тайғақтығы жүргізушілерге кедергі келтірген.
Құтқарушылар зардап шеккендерді ауруханаларға жеткізді. Жол екі бағытта да уақытша жабылып, оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу басталды.