АҚШ-тың Әділет министрлігі атышулы қаржыгер Джеффри Эпштейнге қатысты жаңа құжаттарды жариялады. Осы материалдарда Түркістан облысының бұрынғы әкімі,әрі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының бұрынғы басшысы Өмірзақ Шөкеевтің есімі де кездесетіні анықталған Democrat.kz.
Құжаттардың бірінде Эпштейннің жақын танысы, норвегиялық дипломат Терье Рёд-Ларсен, халықаралық қатынастар маманы Андреа Пфанцельтер және Эпштейн арасындағы хат алмасу келтірілген. Онда сол кезеңде қорды басқарған Шөкеев туралы сөз қозғалады.
Сонымен қатар, тағы бір хат алмасуда Шөкеевтің АҚШ-тың бұрынғы қаржы министрі Лоуренс Саммерспен кездесулері туралы айтылған. Саммерс Эпштейннің жақын ортасына кірген тұлғалардың бірі ретінде белгілі. Дереккөз: kusiv.media / jasalash.kz