Белгілі әнші, продюсер, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанова отбасылық жағдайына қатысты журналистің сұрағына ұтымды жауап берді деп жазады Democrat.kz.
Әдеттегідей журналистің сұрағы "Тұрсынбек Қабатовпен ресми некеден ажырастыңыздар ма?" болды.
Алайда Мөлдір Мұқанова бұл сұраққа мүмкін болса, жауап бергісі келмейтінін айтып, түсіндіруге барынша тырысты.
Өкінішке қарай, студиядағы журналистер екі жағынан ортаға алып, "осы сұраққа жауап беріп, нүктесін қойыңызшы"деп қолқалады.
"Екеуі екі жақтан жабылып...Мен бұл сұраққа ер азамат ретінде Тұрсекеңнің өзі жауап береді деп сенемін. Жауабын сол кісіден алсаңыздар", деп күліп, қысқа қайырды.