Ғазиз Әбішев: "Мұндай институт Президентті сақтандырып, президенттік биліктің тиімділігін арттыра алады"

Ғазиз Әбішев: "Мұндай институт Президентті сақтандырып, президенттік биліктің тиімділігін арттыра алады"

Саясаттанушы Ғазиз Әбішев Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтылған саяси реформаларға қатысты пікір білдірді деп жазады Democrat.kz.

Ғазиз Әбішев Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаттағы белсенділігі жоғары екенін айтып, вице-президенттің болуы жүктемені тиімді бөлуге мүмкіндік беретінін жеткізді.

"Вице-президент институтының қажеттілігін әр қырынан қарастыруға болады, және солардың бірі – саяси жүйені теңгеру. Егер Мемлекет басшысының тек өткен жылғы сыртқы сапарларының кестесіне қарап, оны ішкі іс-шаралармен салыстырсақ, Президентке түсетін жүктеменің қаншалықты ауқымды екені анық көрінеді. Кей жағдайларда ол бір жарым-екі апта ішінде бірнеше құрлықта болып, күн сайын маңызды шараларға қатысқан. Бұл – жұмыстың тек сыртқы көрінісі ғана. Ал бұған қоса аналитика, құжаттар, шешімдер қабылдау секілді ауқымды жұмыс бар. Осы тұрғыдан алғанда, Мемлекет басшысының ең жақын командасындағы, Конституциямен бекітілген вице-президент лауазымын енгізу орынды әрі қажетті қадам болып көрінеді. Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаттағы жоғары белсенділігін ескерсек, мұндай институт Президентті сақтандырып, президенттік биліктің тиімділігін арттыра алады, – деді Ғазиз Әбішев.

 

Сондай-ақ ол  Президенттің Халық кеңесін құруға қатысты бастамасына қатысты пікір білдірді. 

"Азаматтық қоғамның кең ауқымын қамтитын кеңесші, яғни делиберативті демократия органдары – көптеген елдерде кең таралған тәжірибе. Мұндай құрылымдар Францияда, Канадада, Данияда және басқа да бірқатар елдерде бар. Бұл органдарда саяси бәсекеден тыс, мемлекеттік билік пен партиялық адалдық шеңберінен еркін азаматтық қоғам өкілдері жиналып, қоғамдық мәселелерді талқылайды, – деді сарапшы.

 

Барлық жаңалықтар