"Хан" тамаданың отбасы қайғы жамылды

"Хан" тамаданың отбасы қайғы жамылды

Интим видеосы тарап, жұртқа танылған Хан тамаданың әйелі Алма Мырзабекова қайғысымен бөлісті деп жазады Democrat. kz. 

Әлеуметтік желідегі парақшасында Алма сәбиінен айырылып қалғанын жазды. 

«Әр ана үшін ішіндегі сәбиін жоғалту — сөзбен айтып жеткізе алмайтын ауыр қайғы.,. Мен оны қолыма ұстап үлгермесем де, жүрегіммен сүйіп үлгердім. Ол менің арманым болды, үмітім болды, жүрегімнің бір бөлшегі болды», – деп жазды ол. 

«Соңғы жағдайлардың әсері өзімнен бұрын балама тиді. Алланың ісіне амалым жоқ. Жанымда болған осы сәтте отбасыма рахмет», деген Алма дәрігерлерге рақмет айтты. 

Барлық жаңалықтар