Шымкенттегі "Қырғы базарда" хиджабтағы қызды сатушы сабап тастағаны мәлім болды деп жазады Democrat.kz.
Хиджабтағы қыздың айтуы бойынша, олар анасы екеуі базарға барған. Сол жерде шаршаған анасы бос тұрған орындыққа отырғаны үшін сатушы дауыс көтеріп, айғайлай бастаған.
Анасына болысқан хиджабтағы қызға әлгі сатушы қол жұмсап, ол аздай жанындағыдал да жабылып, дал-дұлын шығарып, басындағы орамалын жұлып, тепкінің астына алған.