Әлеуметтік желі парақшасында қоғам белсендісі, журналист Инга Иманбай жолдасы Жанболат Мамай туралы ақпаратпен бөлісті деп жазады Democrat.kz.
"Сүйінші! Бүгін жұбайым Жанболат Мамай екінші жоғары білімін алып, заңгер дипломын иеленді!
Соңғы уақытта “Жанболат не істеп жүр?” деген сұрақты жиі естимін.
Міне, сол сауалға нақты жауаптың бірі – енді ол жоғары білімді заңгер!
Бірінші мамандығы – ағылшын тілі. Яғни, қазақша, орысша, ағылшынша еркін сөйлейді, жазады, оқиды. Енді осы қабілетіне заң білімін қосып отыр.
Жаным, сенің білімге деген құштарлығыңа, еңбекқорлығыңа, табандылығыңа шын тәнтімін.
Бастысы – басың аман болсын.
Сені жақсы көретін біздер үшін ең маңыздысы – осы" деп жазды Инга Иманбай.