Екі тарап әлеуметтік желіде ашық айқасқа көшкен. Нумеролог шоуменнің ЛГБТ өкілі екенін жайып салды деп жазады Democrat.kz.
“Абдель, балам, қайда барасың маған бәрібір... Мен қартайдым, жасым 62-де. Балам қайтыс болғаннан кейін маған дүние бәрібір болып қалды. Ешкімде шаруам жоқ. Мен Қазақстанға келе жатырмын. Осы мәселені реттеймін. Ақымақ болмасаң, аузыңды жап”, – деп дөрекелік танытты Клара.
Алайда шоумен де қарап қалмады. Нумерологты ЮНЕСКО-ның психологына сай емес маман деп жауап қатты.
“Жыныстық көзқарасыма құрмет танытпай, кемсітіп отыр. Бұл ЮНЕСКО-ның психологына сай тірлік пе?! Мен осы мәселе бойынша аталған ұйымға шағым түсіремін. Оны халықаралық беделді ұйымының дипломынан айыру керек. Басқа мәселе жоқ. Менің сандарым осылай сөйлеп тұр”, – деді шоумен.
Айта кетейік, екі тарап бұған дейін жылы қарым-қатынаста болған. Дәлел ретінде продюсер өздерінің хат-алмасқан скриндарын жариялады. Нумеролог болашақта продюсердің үйлену тойына келуді жоспарлағаны белгілі болды. Сол кезде-ақ продюсер ЛГБТ белсендісі екенін ашық түрде мәлімдеген.
