Танымал блогер Сабина Мовлаева momskiy angime арнасына сұхбат беріп, жұрт білмейтін сырымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.
"Сырттан қараған кісілер менің ішімде не болып жатқанын әрине, білмейді.
Сыртта "Сабинаааа!" Деген менің үйге келіп, қандай күй кешетінімді ешкім білмейді.
Жалғызбын. Үйге келіп, жылап аламын. Жұрт фигурасын көрсетіп деп маған хейт жазады. Бұрын жүрегіме жақын қабылдайтынмын.
Ал қазір сондай хейттер бизнесімді жүргізіп жатыр.
Жиырма жасыма дейін әкемді түсінбейтінмін. Онымен сөйлескім де келмейтін.
Үйде махаббат көрмесең, сырттан махаббат іздейді екенсің. Күйеуге шыққанымда күйеуім бар жағдайымды жасап, асты үстіме түсті. Арамыз әке мен қыз сияқты болыпты.
Ажырасқан соң түсіндім, әкең мен шешеңді кешіріп, оларды сол күйінде қабылдамасаң, өмірде жолың да болмайды екен", дейді Сабина Мовлаева.