Белгілі продюсер Баян Алагөзова отбасылық жеке өмірінің фотосын әлеуметтік желіде жариялап, жұрттың ауыр сынына ұшырады деп жазады Democrat.kz.
Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: "Махаббатың қадірлеп заңдарын,
Адамның бітпес арманы" деген жазумен күйеуі Тұрсын Алагөзовпен сүйісіп тұрған суретін жариялаған Баянды жұрт "ұятсыз" деп сөгіп жатыр.
Жұрт "жүректі айнытады", "мынадай ұят нәрсенің керегі не", "жастарға осылай үлгі боласыңдар ма", "балаларың көрсе, не дейді", "әже болған жаста мынауы несі" деген жұрт Баян мен күйеуін сөзбен сойып жатыр.