Танымал блогер Рысбала Икрамбай Республика сарайының киелі сахнасында өнер көрсетті деп жазады Democrat.kz.
"Күні кеше Республика сарайында ән әлемінде ойып алар орны бар өнердің жүйрігі Мейрамбек Беспаев ағамыз бен өнердің дүлдүлі Әбдіжаппар Әлқожаның ән кеші болды.
Қиналған жанға демеу болған,басына қиын іс түскен жандардың жүгін жұмыла көтерген қарапайым халыққа алғыс әнін арнадық, саған жарасады,көптің көңілінен шығады деп Әбдіжаппар ұсыныс жасап,АЛҒЫС АЙТАМ ҚАЗАҚТАРЫМА деп тебіреніп алдық, әні мен сөзі @eldos.umbetali досымыздікі.
Қысыла-қысыла қыз болдым деп бұл жандармен бір сахнаға шығу маған да оңай болған жоқ,киелі сахнаны сыйлап келген халықтың алдында ішімді шермитіп тұрмайын деп қайта-қайта жауып
Бағасын өздеріңіз бересіздер.
Қазақта жақсы жаңалыққа шашу шашып жатады,үлкен сахнаға алғашқы қадамға шашу шашамыз бұйыртса….." деп жазды блогер.