Жан Ахмадиев: "Біздің еркектер пәк қызды алуға лайық емес!"

Жан Ахмадиев: "Біздің еркектер пәк қызды алуға лайық емес!"

Танымал қоғам белсендісі Жан Ахмадиев өзінің кезекті бір сұхбатында қазіргі қоғамдағы сорақы жағдайларды сөз етіп, өз қызы өмірге келген сәттен бастап, бүкіл түсініктері өзгергенін айтты деп жазады Democrat.kz. 

Кезінде қазақ қыздарына деген көзқарасы мүлде теріс болғанын айтқан Жан Ахмадиев тіпті кезінде Алматының Сейфуллин көшесінде тізіліп тұратын жезөкшелерді сабау операциясын да жасағанын еске алады. 

Сол кездегі өзінің төмен түсінікте болғанын мойындаған Жан Ахмадиев: "Бұрын мен қазақ қыздарын көп нәрсеге кінәлайтынмын. 

Қыздар пәк болу керек, пәктігі болмаса, ондай қыздарды алмау керек деп ұрандататынмын. 

Өмірге өз қыздарым келді. Және қазіргі біздің еркектерге қарап отырып, бұрынғы ойларым түгел өзгерді. 

Біздің еркектер пәк қыздарға лайық емес қой деген ой түйдім. Себебі біздің қазіргі еркектердің өзі қуып кеткен. Ондай еркектер пәк қыздарға лайық емес", деп қазақтың қыздарына жететін әлемде ешқандай қыз жоғын қадап айтты. 

Барлық жаңалықтар