Қоғам белсендісі Жан Ахмадиев ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Мұқасан Шахзадаевқа қатаң ескерту жасады, деп жазады Democrat.kz.
«Кешегі жазбамнан кейін біраз әншілер хабарласып, видеоны өшіруді сұрап жатыр. Мұқасан аға, араға адам салуды доғарыңыз. Видеоны өшірмеймін, себебі жәбірленушінің алдында жауапкершілігім бар. Одан да Ғалымжанға хабарласып, кешірім сұраңыз. Әйтпесе, жазаңыз ауырлап кетеді. Біз соңына дейін барамыз», – деді Жан Ахмадиев.