Ақын-жазушылар жаңа Конституция жобасын қолдап жатыр. Қолдап қана қоймай, арнайы видеоларын да жариялап жатыр деп жазады Democrat.kz.
Қазақстанда танымал ақын-жазушылар саяси науқан кезінде билікті қолдап жиі пікір білдіреді. Жаңа конституция жобасы талқыланып жатқанда да ақын-жазушылар танымал тұлғалар үнсіз қалмаған.
Жаңа Конституция жобасын қолдап, арнайы видео түсіріп, оны әлеуметтік желіде таратқан зиялы қауым өкілдері аз емес.
Олардың ішінде Мұхтар Шаханов, Жүрсін Ерман, Бақыт Беделхан, Серік Ақсұңқарұлы, Сәуле Досжан бар.
Мұнан бөлек, спортшы Елдос Сметов, әнші Кенжебек Жанәбілов, Жанар Айжановалар да жаңа Конституция жобасы мен тіл мәселесіне қатысты қолдау пікірлерін білдіргені мәлім.