Жанар Хамитованың бейнежазбасы жұртты жылатты

Жанар Хамитованың бейнежазбасы жұртты жылатты

Тикток желісінде марқұм Жанар Хамитованың бейнежазбасы жарық көрді, деп жазды Democrat.kz.

Шығарылымнан Хамитованың сахналас серігі болған Абу-Кай есімді әншімен ән салып отырғанын көруге болады. Көріністі тамашалаған жұрт Жанардың ащы тағдырын тілге тиек етіп, оның құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, сөнгенін айтты.

«Жанардың дауысы ерекше, мықты еді. Қасындағы жігіт қазір бар ма? Жанардың арқасында бір шығып еді», «Өз-өзіне сыймай кеткен Жанар-ау, өмірмен күресіп, ешкім жанын түсінбеді», «Жүрегім езіліп кетеді. Жанар, жаным-ау, сені де ұмытып кетіппіз. Екі балапаның өсіп жатқан шығар. Әкесі жылатпайды деген үмітіміз бар», «Балаларын алып алмаса, сынбаушы еді деп ойлаймын», – деді Жанарды сағынған тыңдарман

Барлық жаңалықтар