Қазақстанның бірінші ғарышкері Тоқтар Әубәкіров "1001 түн" студиясында қонақта болып, сол жердегі сұхбатында болашаққа қатысты қорқынышты болжамын жасырмай айтты деп жазады Democrat.kz.
Тоқтар Әубәкіров өзінің ғарышқа сапарында ең бірінші жерді, үйін сағынғанын айтады.Сонымен қатар ғарышкер өзге планетада болғанында түйген ойын: "Меніңше, алдағы 300 жылда адамның тыныс алатын ауасы мүлде жоғалып, таусылады.
Кәдімгі оттегі жойылып, бүкіл адамзат басқа планетаға көшуі мүмкін. Қазіргі климаттың өзгеруі, күннің қатты ысуы алдағы уақытта жер бетіндегі оттегін жойып жіберуі мүмкін", - деп жеткізді.