Жарқын Мырзатай сөзінен секіріп, "сальто жасады": Бұл елдің шариғатпен жүрмейтінін мойындапты

Жарқын Мырзатай сөзінен секіріп, "сальто жасады": Бұл елдің шариғатпен жүрмейтінін мойындапты

Уағызшы Жарқын Мырзатай бұған дейін айтқан өз сөздерінің тігісін жатыстыруға жанталасып, видео жаиялады деп жазады Democrat.kz.

Естеріңізде болса, Ақтөбедегі мешітте болған масқара жағдайға байланысты мешітке барған блогер Эммануэлланы кінәлап сөйлеген уағызшы Жарқын Мырзатай енді басқаша сөйлеп, ел алдына шықты. 

"Біз таудың жабайы адамы емеспіз. Заң бар бізде. Әлгі видео желіге салынған соң, сол жерде небір пікірлер жазылуда. 

Дінге тиісіп жатыр. Біра заң бәрібір өзінікін жасады. Анау есалаң қамалды... Заңымыз жасау керек шараны қолданып жатыр. 

Бізге біреулер қыздарды қорғамайсыңдар деп жатыр. Біз қорғаймыз. Біз қорғау үшін ескерту жасадық. Президентіміздің өзі қыздарды қорғау керегі туралы заңға қол қойды ғой.

Мешітке баратын бір есалаңның кесірінен бүкіл исламды қаралаудың керегі жоқ" деген Жарқын Мырзатай енді басқаша сайрап, алдыңғы сөздерін барынша "үтіктеуге" жанталасты. 

Мына "сөзден сальто" жасау әркеті үшін елден оңбай сөз еститінін білсе керек, уағызшы парақшасының пікір жазу тетігін өшіріп тастаған. 

 

Барлық жаңалықтар