Жазира Байырбекова: "Орыстар сауатты деген - қате ұғым"

Жазира Байырбекова: "Орыстар сауатты деген - қате ұғым"

Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында қоғамдық мәселеге қатысты маңызды пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.

"ОРЫСТАР САУАТТЫ" деген ұғым қате.
1-2 жыл бұрын қызымды үйге жақын жердегі ұлты орыс ,өзіне сенімділігі мықты педиатрға апарғам.

Қызымды көріп 100% корь.Үйге де ешқайда соқпай тіке инфекциалық ауруханаға жату керек деді.
Ауруханаға кетіп баражатып педиатр Диляра Аширбековнаға хабарласып қызымның жағдайын,ауруханаға жатуға кетіп бара жатқанымызды айттым.

Ол кісі "қандай корь.Ешқандай да ауру емес.Бармаңыздар ауруханаға.Дараны әкеліңіз" деді.Маршрутты өзгертіп апардық.
"Жәй ғана бірдеңеден алергия 2 күнде кетеді" деді Диляра Аширбековна.
Ауруханаға бармай үйге қайттық.
2 күнде емес 1 тәуліктен кейін жазылып кетті қызым.
Айтайын дегенім орыстар сауатты қазақтар сауатсыз деген ұғым қате.
Адамның сауатты сауатсыздығы ұлтына қарамайды", деп жазды әнші. 

Барлық жаңалықтар