Әнші Жазира Байырбекова таяуда өткізген жалғыз ұлының тойындағы "әттегенай!"дейтін сәттерді айтып, желідегі парақшасында видео жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Той біткен соң, екі күннен соң біліп жатырмыз барлық минустарды.Қарасақ, тойға келетіндердің тізімі бірнеше рет жасалды.
Ең соңғы, екі күн бұрын жасалған тізім кетпей, ескі тізімдер кетіп қалыпты. Координатордың қолында басқа тізім, "лэдта" басқа тізім.
Қонақтарды отырғызуда біраз қателестік. Біз қонақтар дұрыс отырғызылды ма деп тұрып, алаңдап, тойдың қалай өткенін байқамай қалыппыз.
Той жасап жүргендер түсінеді. Әттегенайсыз той болмас", деген Жазира Байырбекова кей қонақтармен ортада не себепті билемегендерін де айтты.