Жеңіліп қалған Елдос Сметовты жұрт "сөзбен сойып тастады"

Жеңіліп қалған Елдос Сметовты жұрт "сөзбен сойып тастады"

33 жастағы Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Циндао Гран-приінің қола жүлдесі үшін таласта жеңіліс тапты. Отандасымыз жүлде үшін белдесуде Аюб Блиевтан есе жіберді деп жазады Democrat.kz.

Ол жарыс жолында алғашқы айналымда қытайлық Сунь Цзяхаоны иппонмен жеңсе, 1/8 финалда әзербайжандық Балабей Агаевтан ваза-ари есебімен басым түскен еді.

Алайда ол ширек финалда Энзо Жаннан айласын асыра алмады. Бірақ жұбаныш белдесуінде өзбек дзюдошысын ұтып, қолаға таласуға мүмкіндік алған еді, деп хабарлады Sport12.kz. әлеуметтік желі парақшасында. 

Әлеуметтік желіде жарияланған бұл ақпаратқа қатысты Елдос Сметовтің жанкүйерлері реніш білдіріп "мақтанып кетті, соныкі шығар", "екі жылдан соң шал болады, жастарға орын беруі керек", "Лексус Мерспен талтандап жүрген ешқандай спортшы сасып терлегісі келмейді", "Қанағат болу керек еді. Тоқтау керек еді" деген пікірлер жазуда. 

Барлық жаңалықтар