"Жоғалып, мәйіті табылған Ерзат": Куәгер қорқынышты сұмдықты айтты

"Жоғалып, мәйіті табылған Ерзат": Куәгер қорқынышты сұмдықты айтты

Алматы облысында жұмысынан аз ғана уақытқа сұранып кетіп, кейін жоғалып кеткен Ерзат Егізбайдың мәйітін судан шығарып алған куәгер сұмдық дүниені айтты деп жазады Democrat.kz.

"Сол күні атпен шыққан едім. Көлдің жанында ағамның малдарын қарауға барған болатынмын. Ағам екеуіміз атпен көлдің жағасында топырлап, жиналып тұрғанын көрдік. 

Неге екенін білмейміз, әйтеуір еріксіз сол жаққа бұрылып, адамдардың қасына бардық. Қарасақ, көлдің үстінде әлдене қалқып жүр екен. 

Топырлап тұрғандар суға түсуге қорқақтап тұрғандай көрінді. Жақсы жүзетін болған соң, мен суға сүңгіп, су бетінде қалқыған "пакет" деген затқа қарай жүздім. 

Жақындап қасына келгенімде, пакет емес, адамның мәйіті екенін көрдім", деген куәгер марқұм Ерзат Егізбайдың денесін судан қалай шығарғанын айтады. 

Барлық жаңалықтар