Әлеуметтік желіге біртіндеп шыға бастаған әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы Айман Талғатқызы күнделікті тіршілігінен видео жариялап, жұрттың сынына қалды деп жазады Democrat.kz.
Айман Талғатқызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында күнделікті тіршілігі туралы видео жариялап, ол жерде әлдебір тамақты дайындап жатқанын көрсетеді.
"Жаңа мына веникті жұлқынып тұрып, басын жұлып алдым"деген Айман оқырмандарына күнделікті ас мәзірлеу үшін өз тарапынан кеңес береді.
Десек те, ТикТок әлеуметтік желісінде Айманның осы видеосын бөліскен парақшада жұрт "жұлқынғаның сонша, біреудің байын тартып алдым десейші", "балдары жылап жүр. Балдары жылап отырғанда ешкім бақытты бола алмайды", "жұлып алғанды, тартып алғанды жақсы көрем деші", "Мөлдірден үййрен сен" дегенге саятын пікір жазып, сынға алуда.