"Жұлымы шыққан оқулық": Оқушыларымыз қашан жаңа оқулықпен білім алады?

"Жұлымы шыққан оқулық": Оқушыларымыз қашан жаңа оқулықпен білім алады?
Биылғы оқу жылы аяқталып, оқушылар кітаптарын өткізіп, келесі сыныптың оқулықтарын алуда. Орал өңірінде келесі сыныптың оқулығын алған оқушының анасы масқара жағдайды әлеуметтік желіде жариялады деп жазады Democrat.kz.
 
Threads әлеуметтік желісін қолданушы баласына берілген оқулықтардың түрін көрсетіп, ренішін білдірді. 
 
"Мына кітаптарды Теректі ауданы Жаңа Өмір ауылдық мектебі балаларға қалай ұялмай бердіңіздер? Мына кітаппен оқыған баладан қандай білімді талап етесіздер жалпы? Баладан бірінші білімді емес, сол білімді беретін құралдарыңды жөндеп алмайсыздарма?"деп жазды желі қолданушы. 
 
Осы жазбаның астында дәл осыған ұқсас жағдайды басынан кешіргендер пікір білдіріп, балаларына жұлымы шыққан ескі оқулық берілгенін айтуда. 
 
Барлық жаңалықтар