«Жұмыс береміз» деп алдап, есірткі бизнесіне тартқан халықаралық желі әшкереленді

 «Жұмыс береміз» деп алдап, есірткі бизнесіне тартқан халықаралық желі әшкереленді

Қазақстан полициясы Украина, Албания, АҚШ және халықаралық құқық қорғау құрылымдарымен бірге адамдарды жалған жұмыс ұсыныстары арқылы есірткі бизнесіне тартқан трансұлттық желіні әшкереледі. Қылмыстық жұмыстан бас тартуға тырысқан адамдарды ұрып-соғып, заңсыз ұстап отырған жағдайлар да анықталған, деп жазады Democrat.kz.

Арнайы операция бір жылдан астам уақыт жүргізілген.

Қазақстан ІІМ мәліметінше, адамдарға бастапқыда заңды жұмыс ұсынылған. Олар call-орталық операторлары, HR-менеджерлер, химиктер, курьерлер, логистер немесе қойма қызметкерлері ретінде жұмысқа шақырылған.

Алайда кейін азаматтарды есірткі желісінің жұмысына тартқан.

Қылмыстық топтан кеткісі келген адамдарға айыппұл салынып, кейбірін ұрып-соғып, еркінен тыс ұстаған жағдайлар болған.

Операция Қазақстан мен Украина прокуратураларының, Украина және Албания полициясының, Интерпол мен АҚШ-тың есірткіге қарсы күрес басқармасының қатысуымен жүргізілген.

Украина аумағында жүргізілген тінтулер барысында компьютерлер, байланыс құралдары, ақша және қылмыстық схемаға қатысты басқа да дәлелдер тәркіленді.

Тергеу жалғасып жатыр. 

Барлық жаңалықтар