"Жүрегіме өшпестей із қалдырды": Мақсат Базарбаев туралы әріптесі сұмдық нәрсені айтты

"Жүрегіме өшпестей із қалдырды": Мақсат Базарбаев туралы әріптесі сұмдық нәрсені айтты

"Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов  МузАрт тобының бұрынғы әншісі Мақсат Базарбай туралы естеліктерімен бөлісіп, "мен үшін Мақсат Базарбаев ағамыз ерекше әнші" деп, ыстық ықыласын жеткізді деп жазады Democrat.kz. 

Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Бағлан Әбдірайымов: "Мақсат Базарбаев ағамыз мен үшін ерекше әнші.

2000–2001 жылдары бала күнімде Түлкібас ауданындағы Тұрар Рысқұлов мәдениет үйіне «Бауыржан шоу» ұжымымен бірге келіп, сахнада домбырамен «Сыған серенадасы» мен «Алқалы жұртым» әндерін орындағаны әлі күнге дейін есімде. Сол сәттер бала жүрегіме өшпестей із қалдырған.

Кейін «МұзАРТ» тобымен шырқаған әндерін тыңдап өстік. Даусындағы әсемдік пен орындау шеберлігіне тәнті болып, партияларын айнытпай салуға тырысқан кездеріміз де болды. Бір сөзбен айтқанда, еліктеп өскен әншілеріміздің бірі.

Міне, арада 25 жылдай уақыт өтсе де, сол күндер кешегідей әсер береді.

Маке, қартаймаңыз! Жібек үніңіз елдің жүрегінен орын таба берсін. Сахналық ғұмырыңыз ұзақ та баянды болсын! Халықтың ықыласы мен құрметіне бөлене беріңіз!"деп жазды. 

Барлық жаңалықтар