Жүрсін Ерман айтыскерлердің не үшін дінге бет бұрғанын жайып салды

Жүрсін Ерман айтыскерлердің не үшін дінге бет бұрғанын жайып салды

«Айтыстың атасы» атанған Жүрсін Ерман өнерден арқасын алыс алған бірқатар айтыскерлердің жағдайын жайып салды, деп жазады Democrat.kz.

«Діни секталар қарамағына алып кетті. Үй берді, ақша берді. Теріс жолға салып жіберді, соның ықпалынан әлі шыға алмай жатыр ма деп ойлаймын.

Әйтпесе, халыққа абыройы бар Балғынбектер жарқылдап айтыстың ортасында жүрмей ме?! Діни көшті құрғандардың соңына еріп кеткендерді айтайықшы, Балғынбек, Жандарбек, Сара, Сырым деген де бала бар еді. Осылар кетіп қалды ғой.

Ақындық талант Алланың берген нығметі, соны халыққа жұмсау керек қой. Анаған, мынаған еріп кетпей», – дейді Жүрсін Ерман.

Барлық жаңалықтар